"Түркия маңызды елге айналды"

Президент Ердоған «14-ші Елшілер конференциясында» қатысушыларға сөз сөйледі.

2022060
"Түркия маңызды елге айналды"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның халықаралық қарым-қатынаста ізін қалдырған, көптеген маңызды тақырыптарда пікірі сұралатын және көзқарасы мұқият қадағаланатын «ойын құрушы» елге айналғанын айтты.

Президент Ердоған кеше Анкарадағы Президенттік кешенде ұйымдастырылған «14-ші Елшілер конференциясында» қатысушыларға сөз сөйледі.

Түркияның халықаралық қатынастарда ізін қалдырған және көзқарасы жақыннан қадағаланатын елге айналғанын білдіріп, “Түркия «ойын құрушы» елге айналды” деді.

Қаратеңіз астық дәлізі келісімі тоқтап қалғаннан  кейін Украина және Ресеймен байланыстарының жалғасып жатқанын білдірген президент Ердоған “Ресей президенті Владимир Путинмен ортақ принципте бас қосамыз деп ойлаймын. Қаратеңіз бастамасынан басталған жағымды атмосфераны кейбір елдер жақсы қабылдамады. Керісінше отқа май құйды. Біз шиеленістің жалғасуын  қаламаймыз. Біз Барлық тараптармен шын жүректен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Соғыстың Қаратеңіз аймағына таралуы біз үшін үлкен апат болады” деді.

Террор ұйымдарына қарсы шекара тысы операциялардың жалғасатынын атап көрсеткен Ердоған Ирак пен Сирия тұрақтанғанда босқындардың елдеріне оралатынын білдірді.

Ердоған Еуропадағы арандатушылық әрекеттер туралы «Біз исламофобияға көбірек күш салуымыз керек. Күннен күнге артып отырған бұл айуандыққа барынша қарсылық білдірген ел болдық. Исламофобияға қарсы күресімізді дос және бауырлас елдермен бірге жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты халықаралық ұйымдарды да жұмылдырып жатырмыз. Кінәлілердің лайықты жазасын алуын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар