Ердоған НАТО саммиті үшін Литваға барады
Ердоған 10-12 шілде күндері Вильнюсте өтетін НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысады.

Президент Режеп Тайып Ердоған 10-12 шілде күндері Вильнюсте өтетін НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысу үшін Литва Республикасына барады.
Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда саммитте Украинадағы соғысқа қоса НАТО аймағының алдында тұрған мәселелерге қатысты стратегиялық деңгейде пікір алмасады.
Саммитте барлық нысандары және көріністерімен терроризмнен бастап НАТО тарапынан анықтаған негізгі қауіп-қатерлер алдында одақтың қорғаныс құрылымы және бас тартқызушы күшін арттыруға бағытталған жоспарлары талқыланады.
Президент Ердоғанның осыған орай саммитке келген әріптестерімен де өзара кездесулері жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар

Президент Ердоған Малайзияда
Президент Режеп Тайып Ердоған мен Малайзия Премьер-министрі Энвер Ибрахим кездесті.