Швеция Түркияның талаптарын әлі орындаған жоқ
11-12 шілдеде Литвада өтетін Вильнюс саммитінде Швецияның НАТО-ға мүшелігі талқыланады.
![Швеция Түркияның талаптарын әлі орындаған жоқ](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/d60f/4d90/03b6/63d0cc8b770cf.jpg?time=1718787572)
Түркия, Швеция және Финляндия сыртқы істер министрлері мен Ұлттық барлау ұйымы төрағалары бүгін Бельгияның астанасы Брюссельде бас қосады.
Швецияның НАТО-ға мүшелігі 11-12 шілдеде Литвада өтетін Вильнюс саммитінің күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі болып табылады.
Саммит алдында Брюссельде Түркия, Швеция және Финляндияның сыртқы істер министрлері мен Ұлттық барлау ұйымы төрағаларының қатысуымен жоғары деңгейдегі жиналыс өтеді.
Жиналысқа Түркия атынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калын және Президенттің бас ақылшысы Акиф Чагатай Кылыч қатысады.
Стокгольмның лаңкестікпен күрес заңына енгізген түзетуі 1 маусымнан бастап күшіне енгенімен, Швеция Анкара талап еткен бөлшектеуші террор ұйымы PKK және Фетуллахшы террор ұйымы мүшелерін әлі қайтарған жоқ.
Анкара бұл қадамдар жасалмаса, Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдамайтынын ашық айтқан болатын.
Ал Швеция болса Түркияның рұқсатын әлі ала алған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
![Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/17dc/85c7/62ef/667274aa8f555.jpg?time=1718787573)
Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.