Нуман Куртулмуш Пәкістан Сенатының төрағасымен сөйлесті

Нуман Куртулмуш Пәкістан Сенатының төрағасы Мұхаммед Садик Санжранимен телефон арқылы сөйлесті.

2003452
Нуман Куртулмуш Пәкістан Сенатының төрағасымен сөйлесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Пәкістан Сенатының төрағасы Мұхаммед Садик Санжранимен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағалығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, Пәкістан Сенатының төрағасы Санжрани Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмушты өткен аптада тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табысты болуын тіледі.

Куртулмуш Санжраниге алғысын білдіріп, Пәкістан үкіметі мен халқына (6 ақпанда) Түркиядағы жер сілкінісі апаттарынан кейін көрсетілген ынтымақтастықты еске салды.

Екі ел арасындағы ынтымақтың, ежелгі достық пен бауырмалдықтың мәңгі есте қалатынын айтқан Куртулмуш Грекия жағалауында суға батқан қайықтағы көптеген пәкістандық азаматтың қаза болуына байланысты Пәкістан халқына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар