Яшар Гүлер Франция Қорғаныс министрімен  кездесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Франция Қорғаныс министрі Себастьян Лекорнумен кездесті.

2000423
Яшар Гүлер Франция Қорғаныс министрімен  кездесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер кеше НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысу үшін Бельгияның астанасы Брюссельге барды. Гүлер Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде екіжақты кездесулерін жалғастыруда.

Яшар Гүлер Франция Қорғаныс министрі Лекорнумен кездесті.

Кездесуде екі министр аймақтық қорғаныс, қауіпсіздік және НАТО мәселелері бойынша пікір алмасты.

Гүлер НАТО штаб-пәтерінде Грекия Қорғаныс министрі Стефаниспен де кездесті.

Сындарлы және оң атмосферада өткен кездесуде Гүлер мен Стефанис Түркия мен Грекия арасындағы тату көршілік қарым-қатынас және достыққа негізделген күн тәртібін әзірлеу жөнінде келісті.



Ұқсас жаңалықтар