Украина-Ресей әскери лауазымдылары Стамбулда бас қосады

Министр Акар «астық дәлізі» бастамасына қатысты мәлімдеді.

1982050
Украина-Ресей әскери лауазымдылары Стамбулда бас қосады

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар астық бастамасының мерзімін ұзарту үшін 5 мамыр күні Түркия, Украина мен Ресей Қорғаныс министр орынбасарларының Стамбулда кездесуді жоспарлағанын мәлімдеді.

Акар Ресей-Украина соғысы салдарынан туындаған «азық-түлік дағдарысы» қаупін жоюға бағытталған Түркияның талпыныстарымен құрылған «Астық дәлізі» бастамасына қатысты бір сұраққа жауап қайтарды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен ұзартылған "астық дәлізі келісімінің" жағдайы туралы қойылған бір сұраққа Акар Түркия, Ресей, Сирия және Иран Қорғаныс министрлері мен барлау басшылары арасында Мәскеуде өткен төрттік кездесу аясында Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен оңаша түрде кездесу өткізгендерін мәлімдеді.

Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраковпен де 18 сәуір күні Кайсериде кездескенін еске салған Акар «Кездесулерде астық бастамасын талқыладық. Осы тұрғыда екі тараптың ұсынысымызды қабылдауы нәтижесінде 5 мамыр жұма күні Түркия, Украина және Ресей Қорғаныс министр орынбасарларының Стамбулда бас қосуы жоспарлануда» деді.

Жиын барысында дақыл бастамасынан бастап кейбір тақырыптар талқыланады. «Астық мәмілесі» бұзылмай жалғасады деген сенімдеміз. Өйткені бұл келісім аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қоса мұқтаж елдер үшін өте маңызды.

Бұл тұрғыда тараптардың бұл мерзімді ұзартуға дайын екенін айта аламыз. Бұл бастаманың еш қиындықсыз жалғасын табуына тілектеспіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар