Түрік әуе кеңістігі Сүлейманийеден келетін рейстерге жабылды

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы елші Танжу Билгич мәлімдеме жасады.

1970497
Түрік әуе кеңістігі  Сүлейманийеден келетін рейстерге жабылды

Түркия әуе кеңістігі Ирактың Сүлейманийе Халықаралық әуежайын пайдаланатын ұшақтар үшін жабылды.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Танжу Билгич түрік әуе кеңістігін Сүлейманийе рейстері үшін жабу туралы сұраққа жазбаша жауап қайтарды.

Билгич «Ирак "Сүлейманийе" халықаралық әуежайын қону/ұшу үшін қолданатын ұшақтарға 3 сәуір күнінен бастап Түркия әуе кеңістігі жабылды» деді.

Аталмыш шешімнің Сүлейманийеде «PKK террор ұйымының аймақта әрекеттерінің шоғырлануы және террор ұйымының әуежайға ықпал етіп, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіру» шеңберінде қабылданғанын атап көрсетті.

Билгич шешімнің алғаш сатыда 3 шілде күніне дейін күшінде болатынын, сол уақытқа дейін мұқият қадағаланатын оқиғалар аясында шешімге қайта қаралатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар