Президент Ердоған Адыяманда

Президент Ердоған эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісінде зардап шеккен Адыяманға барды.

1952248
Президент Ердоған Адыяманда

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпанда болған және 11 аймақты қамтыған эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісінде зардап шеккен Адыяманға барды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Адыяманда мәлімдеме жасады. Ердоған  «Мен өз халқыма жер сілкінісінің жараларын бір жылдың ішінде емдейміз деп уәде беремін» деді.

Президент Ердоған «Біз барлық қалаларымызды апаттарға тезірек дайындау үшін, әсіресе қаланы өзгерту жобаларын жеделдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз» деген сөздер қолданды.  

Президент Ердоған былай деді: «Бүкіл жер сілкінісі аймағында жерді зерттеу жұмыстары аяқталды. Қазір құрылыс сатысына жеткен үйлердің саны 309 мыңға жетті. Адыяманда шамамен 50 мың тұрғын үй саламыз. Біз микроаймақтандыру және геологиялық аймақтарда құрылысты дереу бастаймыз».



Ұқсас жаңалықтар