Түркияға көмек келуде

Әлемнің әр жерінен Түркияға көмек келіп жатыр.

1949878
Түркияға көмек келуде

Бахрейн «ғасырдың апаты» деп сипатталған эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Түркияға  әскери ұшақ жіберді.

Елдің ресми агенттігі «BNA»-дағы хабарда 55,7 тонна көмек материалымен жолға шыққан Бахрейн Корольдігі Әуе күштеріне тиесілі әскери ұшақтың «Бауырлас ел Түркияға азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен бірге шатырлар жібердік» делінген.

Иранның батыс Әзербайжан облысы Урмия қаласына қарасты Балов және Қызыл Хангах ауылының тұрғындары жер сілкінісінен зардап шеккендерге жинаған көмек материалдарын Түркияның Урмия бас консулдығына табыс етті.

Албаниядан генератор, жылытқыш, көрп, матрац және киім-кешектерден тұратын екі жүк көлігі Түркияға жол тартты.

Грекия да жер сілкінісінен зардап шеккендерге тағы 110 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Босния және Герцеговина халқы Түркия таратқан Рамазан пакеттерінің қораптарын қайтадан толтырып, «ғасырдың апаты» деп сипатталған Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде жіберді.



Ұқсас жаңалықтар