Түркия-Ресей-Украина омбудсмендері бас қосты

Жиын баспасөзге жабық өтті.

1931126
Түркия-Ресей-Украина омбудсмендері бас қосты

Украина мен Ресей омбудсмендері Түркия Омбудсмені Шереф Малкочтың төрағалығымен екі ел арасында жаралылар мен сарбаздар алмасуына қатысты «конвергенция дәлізін» ашу үшін бас қосты.

Ел астанасы Анкарада өткен «21-ғасырдағы адам құқықтарының болашағы» атты конференция аясында Түркия-Ресей-Украина омбудсмендері бала және адам құқығы, жаралы мен әскер алмасу жол картасын анықтау үшін үш жақты жиналыс өткізді.

Түркия омбудсмені Шереф Малкочтың төрағалығымен Украина омбудсмені доктор Дмитрий Лубинец пен Ресей Федерациясы омбудсмені Татьяна Москалькованың қатысуымен жиын баспасөзге жабық өтті.

Одан кейін жиынға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  төрағасы Мұстафа Шентоп та қатысты.



Ұқсас жаңалықтар