Ердоған «Түрік ғасырын ұлтымызбен бірге жүзеге асырамыз» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия ғасырын ұлтпен бірге жүзеге асыратындарын білдірді.

1927949
Ердоған «Түрік ғасырын ұлтымызбен бірге жүзеге асырамыз» деді

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысында сөз сөйледі.

Жұмыс және қызмет көрсету саясатына тоқталған Ердоған Қаратеңіздегі жаңа ашулармен табиғи газ қорын 710 миллиард текше метрге жеткізгендерін, табиғи газдың бірінші кезеңін іске қосатындарын айтты.

Ердоған Адана мен Джизредегі соңғы жаңалықтармен мұнай өндірісін айтарлықтай арттырғандарын атап өтті.

Жергілікті автомобиль TOGG зауытын құру арқылы отандық жобаны жүзеге асырғандарын білдірген  Ердоған қоршаған орта және қала құрылысы тұрғысынан әлемдегі ең үлкен жаппай тұрғын үй жобаларының бірі болып табылатын науқанды бастағандарын айтты.

Ердоған қорғаныс өнеркәсібінде дамыған зымырандардың, ұшқышсыз әуе аппараттардың және ұшқышсыз соғыс ұшағы «Kızılelma»-ның  әлемде үлкен жаңғырық жаратқанын түсіндірді.

Түркияны инвестициямен, жұмыспен қамтумен және экспортпен өсіретіндерін баяндаған  Президент «Біз демократиямызды нығайта береміз, езілгендердің үні, құрбан болғандардың үміті ретінде елімізді алға қарай ілгерілетеміз. Түрік ғасырын ұлтымызбен бірге жүзеге асырамыз» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар