Президент елшілерді қабылдады

Қырғызстан Елшісі Руслан Қазақбаев сенім гармотасын тапсырды.

1924435
Президент елшілерді қабылдады
sri lanka elci saranya hasanthi urugodawatte dissanayake.jpg
uruguay elci hugo cayrus.jpg
israil elci ırit lillian.jpg
kirgiz elçi ruslan kazakbaev.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған 4 елдің елшісін қабылдады.

Қазіргі уақытта Анкарадағы Израиль елшілігінің уақытша сенімді өкілі болып табылатын және Тель-Авив әкімшілігі тарапынан елші болып тағайындалған Ирит Лилиан президенттік кешенде Ердоғанның қабылдауында болды.

Президентке сенім грамотасын тапсырғаннан кейін Лилиан ресми түрде Түркиядағы елші қызметін бастады.

Шри-Ланка, Уругвай және Қырғызстанның жаңа елшілері де қызметтеріне кіріспес бұрын сенім грамоталарын тапсыру үшін Президенттік кешенге барды.

Ердоған Шри-Ланка Елшісі Сараня Хасанти Уругодаватте Диссанаяке, Қырғызстан Елшісі Руслан Қазақбаев және Уругвай Елшісі Уго Кайрусты қабылдады.

Елшілер Ердоғанға сенім грамоталарын тапсырды.

Президент Ердоған қабылдаудан кейін елшілермен естелік суретке түсті.



Ұқсас жаңалықтар