PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі операциялардың үздіксіз жалғасқанын жариялады.

1875165
PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 3 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Ирак та, Сирияның солтүстігі де террористтер үшін қауіпсіз емес» делінді.

«Пенче-Килит» және «Пенче-Шимшек» операциясы аймақтарында PKK-лық 3 террористтің залалсыздандырылғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Террордың көзін жоюға бел байладық және табандымыз» делінген.

17 сәуір күні Ирактың солтүстігінде PKK-ға (Метина, Зап және Авашин-Басян) қарсы  «Пенче-Килит» операциясы басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар