БҰҰ Түркияға алғыс айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымы  Түркияға қауіпсіз астық тасымалдағаны үшін алғыс айтты.

1860986
БҰҰ Түркияға алғыс айтты

БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшы орынбасары Мартин Грифиттс Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы  БҰҰ штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Гриффитс 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан  Украина мен Ресей арасындағы соғыс салдарынан Қаратеңізде тұрып қалған астықтың халықаралық нарыққа жетуіне мүмкіндік берген «Стамбул астық келісімі» үшін көп күш жұмсаған түрік билігіне алғысын білдірді.

Мартин Гриффитс Түркияның Украина порттарынан қауіпсіз астық жөнелту әрекеттеріне назар аударды.

Гриффитс «Түркия және оның әскерлерімен бірге  Стамбулдағы Бірлескен үйлестыру орталығында отыру біз үшін өте маңызды. Түркия мен түрік әскері осы келіссөздердің ортасында болды және осы үш айдың ішінде көптеген келіссөздер жүргізді» деп көрсетті.

Мартин Грифиттс «Қаратеңізден қауіпсіз түрде азық-түлік тасымалдауын жүзеге асыруы үшін 22 шілдеде Стамбулдағы Долмабахче сарайындағы Президенттік офисінде  президент Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррештің қатысуымен Украина және Ресеймен бірге «Стамбул астық келісіміне» қол қойған едік» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар