Алтун Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун "21-ші ғасырда НАТО" атты сессияда сөз сөйледі.

1839158
Алтун Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігі жайлы Түркияның алаңдаушылығының жалғасқанын айтты. 

Фахреттин Алтун астана Анкарада "21-ші ғасырда НАТО" атты сессияда сөз сөйледі. 

"Террормен күрес тақырыбында айқын тұғыр көрсетпеген елдердің мүшелікке алынуы НАТО-ның болашағы үшін бір қауіп болып табылады" деген Алтун Швеция және Финляндиядан нақтылы қадам күткендерін түсіндірді. 

Фахреттин Алтун "Бұл қадамдар террорға жасалған саяси қолдаудың доғарылуы, террордың қаржылай қайнарының тоқтатылуы, PKK/PYD/YPG-ге жасалған қару-жарақ жәрдемдердің аяқталуы және елімізге бағытталған жасырын санкциялардың күшінен қалдырылуы" деп көрсетті. 

Алтун НАТО-мүшелігінің ерекшеліктеріне де тоқталды. 

Фахреттин Алтун "Бұл шарттар орындалмаса, Түркияның бұл тақырыптағы ұстанымы да өзгермейді. Бұны құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоған барлық жоғарғы деңгейдегі лауазым иелеріне айқын түрде айтқан еді. Мен тағы бір рет қайталағым келді" деді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар