Стамбулдағы келіссөз жиналысы аяқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу "Тараптар арасындағы жақындасудың артқанын көріп қатты қуандық" деді.

1803896
Стамбулдағы келіссөз жиналысы аяқталды

Ресей Украинаға 24 ақпанда соғыс жариялағаннан кейін тараптар келіссөздер үшін бүгін Стамбулда бас қосқан еді. Жиналыс аяқталды. 

Президенттік Долмабахча офисінде өткізілген жиналыс Ресей және Украина тараптарының әрі делегация басшылары, әрі делегаттар арасы кездесулерден кейін аяқталды. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей-Украина келіссөздерінен кейін мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу "Тараптар арасындағы жақындасудың артқанын көріп қатты қуандық. Осы процеске үлес қосқанымызға, қолдау бергенімізге ризамыз. Әрқашан айтқанымыздай ең маңызды тақырып, соғыстың тезірек аяқталуы және түбегейлі келісімнің жасалуы" деді. 

Мыңдаған адамның қаза табуына және миллиондаған адамның қоныс аударуына себеп болған соғыстың доғарылуы керектігі жайлы үн қатқан Чавушоғлу "Кейбір тақырыптарда екі тарап келісімге барды. Келіссөздер басталғаннан осы таңға дейін ең мағыналы ілгерілеушілік бүгін болды. Тіпті қиын мәселелердің жоғарғы деңгейлерде қолға алынатынын көрудеміз. Бұдан кейінгі процесте екі елдің сыртқы істер министрлері бас қосып, бір ымыраға барады. Одан кейін екі елдің президенттерінің кездесуі күн тәртіпте болады" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу кездесулерде гуманитарлық жәрдем және гуманитарлық коридорлардың ашылу тақырыптарын да қолға алғандарын баяндап, "Осы таңға дейін 16 мың 500-ден астам азаматымызды Украинадан эвакуацияладық" деді. 

Әрбір түрік азаматының әрі үшінші ел азаматтарының эвакуациялауы үшін тараптармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен үйлесімді түрде жұмыс істегендерін түсіндірген Чавушоғлу былай деді: "Аймақта қиын жағдайға душар болған кемелеріміздің шығуы және қауіпсіздігі тақырыбын да күн тәртіпке әкелдік. Бүгінгі кездесулер бұдан бұрынғы кездесулерде болғандай тараптардың Түркияға деген сенімінің бір дәлелі болып табылады. Бізге деген сенім және жүктелген жауапкершілікті аңғарудамыз. Соғыстың доғарылуы және түбегейлі бір бейбітшіліктің орнатылуы үшін қолымыздан келгенін істейміз".

Жиналыстан кейін Ресей делегациясы тарапынан жасалған мәлімдемеде "Кейбір баптар жайлы келістік. Украинаның басты талаптарын (Ресей президенті Владимир) Путинге жеткіземіз. Путин-(Украина президенті) Зеленский саммиті, сыртқы істер министрлері келіссе  өткізіледі" деген сөздер қолданды. 

Украина келіссөз делегациясы кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде  Түркияның да болған 8 елді кепілгер ел ретінде көргісі келгендерін білдіріп, "Ресеймен жасалған келісімге кепілгер елдер де қол қояды" деді.  

Украиналық делегация былай деді: "НАТО-ға кірмейміз. Алайда Еуропа Одағынан бас тартпаймыз. Келісімде ешқандай нәрсе Еуропа Одағына кіруге кедергі болмайды. Қырым тақырыбы шешілуі керек. Қырым жаулау астындағы бір аймақ" 

Осы барыста Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей және Украина келіссөз делегациясымен кездесті. Кездесуде Сыртқы істер министрі орынбасары Седат Өнал да орын алды. 

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде делегациялардың Стамбулдағы кездесулерінің тамамдалғаны, ертең жалғаспайтыны білдірілді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина келіссөз делегацияларының Стамбулдағы жиналысы қарсаңында мәлімдеме жасады. Ердоған мәлімдемесінде "Әділетті бір бейбітшіліктің жеңіліске ұшырайтыны болмайды, бұған сенеміз. Қақтығыстың жалғасуы  ешкімге пайда әкелмейді" деді. 

Президент Ердоған Долмабахче офисінде Ресей-Украина келіссөз делегациялары жиналысының беташарында сөз сөйледі. 

Ердоған "Аймақта көптеген аянышты қайғыны басынан кешірген бір ел ретінде Қаратеңіздің солтүстігінде ұқсас көріністің қайталанбауы үшін жұмыс істедік, талпыныс көрсеттік" деген сөздер қолданды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған "Барлық халықаралық платформаларда екі тараптың (Ресей-Украина) да құқығын, мүддесін  қорғайтын, бақылайтын әділетті бір тұғыр ұстандық" деп көрсетті. 

"Атыстың тезірек доғарылуы және бейбітшіліктің орнауы барша үшін пайдалы" деген президент "Енді кездесулерден нақтылы бір нәтиже шығару керек. Қазіргі түйін жөнінен алғанда делегация мүшелері ретінде сіздер тарихи бір жауапкершілікті алып отырсыздар. Барша әлем сіздерден қайырлы және сүйінші хабар күтуде" деген сөздер қолданды. 

Ердоған "Сіздердің келіссөздер үшін жасайтын  еңбектеріңіз, бұдан кейінгі лидерлер деңгейіндегі кездесуге жағдай жасайды. Мұндай бір міндетке де үй иелік жасауға дайынбыз" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин кешегі телефондағы әңгімелерінде Ресей және Украина келіссөз делегацияларының бұдан кейінгі жиналысының Стамбулда өткізілуі жайлы келіскен болатын. 

Осы барыста Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба елінде жасаған мәлімдемесінде "Түркиядағы келіссөздерде негізгі талабымыз гуманитарлық мәселелердің шешілуі, атыстың тоқтатылуы және осыған орай жалғастыруға болатын келісімнің жасалуы болады" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар