Ердоған Ресей-Украина кездесуіне тоқталды

Режеп Тайып Ердоған ​​​​​​​Президенттік сарайда өткен Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

1803297
Ердоған Ресей-Украина кездесуіне тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Стамбулда өткізілетін Ресей мен Украина делегацияларының кездесуі жайлы:

"Жиналыс алдында біз де делегациялармен бас қосып, қысқа кездесу өткіземіз" деді.

Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда өткен Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ресей мен Украина соғысына тоқталған Ердоған екі ел делегацияларының Стамбулда кездесу өткізетінін ескертті.

Дағарысты келісім және диалог жолымен шешуге ең көп еңбек еткен елдің Түркия екенін айтқан Ердоған Ресей мен Украина президенттері Путин және Зеленскиймен телефонда маңызды кеңестер құрылғанын білдірді.

Орыс армиясы Украинаға 24 ақпанда соғыс бастады. 



Ұқсас жаңалықтар