Мұстафа Шентоп Словенияға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Словенияда бірқатар кездесу өткізді.

1803105
Мұстафа Шентоп Словенияға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп ресми сапармен Словенияға барды. Шентоп сапар аясында Словения президенті Борут Пазор, Ұлттық Парламент төрағасы Игорь Зорчич және премьер-министр Янез Яншамен кездесті. 

Мұстафа Шентоп алдымен Словения  Ұлттық Парламент төрағасы Игорь Зорчичпен кездесті. Одан кейін Словения президенті Борут Пазор тарапынан қабылданды. Сонымен қатар Шентоп Словения премьер-министрі Янез Яншамен де бас қосты.

Кездесулерде Ресей-Украина арасындағы соғыс қолға алынып, осы аяда Түркияның араағайындық рөлі тілге тиек етілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар