Украинадан  бері қарай тағы 159 түрік азаматы жолға шықты

Чавушоғлу "Эвакуацияланған азаматтарымыздың саны 15 196-ға жетті. Сәттілік!" деген сөздерді  қолданды.

1797169
Украинадан  бері қарай тағы 159 түрік азаматы жолға шықты

Кеше Украинадан  бері қарай тағы 159 түрік азаматы жолға шықты.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Twitter парақшасында Львов, Черновцы, Запорожье және Днепрден тағы 159 азаматтың жолға шыққанын білдірді.

Эвакуацияларға байланысты тізбені бөліскен Чавушоғлу аталмыш  қалалардан автобус және шағын автобустармен 159 адамның эвакуацияланғанын айтты.

Чавушоғлу "Эвакуацияланған азаматтарымыздың саны 15 196-ға жетті. Сәттілік!" деген сөздерді  қолданды.

Кеше 13 адамға шекарадан өтуге қолдау көрсеткендері туралы мәлімет берген министр соғыстың басынан бері 4965 адамға шекарадан өтуге қолдау көрсетілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар