Шентоп Мемлекеттік Әнұранның 101 жылдығымен құттықтады

Мемлекеттік Әнұран ТҰҰМ-де 1921 жылы 12 наурыз күні қабылданды.

1794423
Шентоп Мемлекеттік Әнұранның 101 жылдығымен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп атаулы күнге орай жариялаған хабарламасында Мемлекеттік Әнұранның қабылдануының 101 жылдымен құттықтады.

Шентоп «Әнұранымыз – ұлтымыздың ортақ тілі, болмысымызды сақтайтын, оны болашақ ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Тәуелсіз мемлекет, ұлт ретінде өмір сүруге деген ерік-жігеріміздің ең айқын көрінісі – атамекеннің тіркелген актісі» деді.

Шентоп Мемлекеттік Әнұранның Парламентте қабылдану процесіндегі егжей-тегжейлердің үлгі болатынына назар аударды.

Шентоп Ұлттық әнұранның әзіз ақыны Мехмет Акифті және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің тұңғыш президенті Гази Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлттық күрестің барлық қолбасшыларын, ержүрек шейіт пен ардагерлерін еске алғанын білдірді.

Вице-президент Фуат Октай болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Тәуелсіздік жолындағы күресіміздің символы болған Мемлекеттік Әнұранымыздың қабылданғанына 101 жылдығында ұлттық ақынымыз Мехмет Акиф Ерсойдан бастап, тәуелсіздік жолындағы күресіміздің барша батырларын Алланың рақымы және алғыспен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар