Түрік азаматтары эвакуацияланып жатыр

Чавушоғлу шамамен 6600 түрік азаматын осы елден шығару үшін күш салып жатқандарын айтты.

1786482
Түрік азаматтары эвакуацияланып жатыр

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинадан эвакуациялануды қалайтын шамамен 6600 түрік азаматын осы елден шығару үшін күш салып жатқандарын айтты.

Чавушоғлу бір телеарнаның тікелей эфирінде жасаған мәлімдемесінде 870 түрік азаматын автобустармен Польшаға жеткізгендерін, әлі тағы эвакуацияланғысы келген 6500-ге жуық азаматтың бар екенін айтты.

Екінші жағынан министр «Ресей мен Украинаның ертең кездесуге шешім қабылдағанына өте қуаныштымыз» деді. Ол  келіссөздердің атысты тоқтатумен аяқталуын тіледі.

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь шекарасында ресейлік делегациямен алдын ала шартсыз кездесу өтетінін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар