Чавушоғлу Блинкен және Кулебамен сөйлесті

Мевлүт Чавушоғлу әріптестерімен телефонда Ресейдің Украина территориясында бастаған әскери операциясын кеңесті.

1784960
Чавушоғлу Блинкен және Кулебамен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның телефон дипломатиясы жалғасуда.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Украина Сыртқы істер министрлері Димитро Кулебамен телефонда сөйлесті.

Мевлүт Чавушоғлу әріптестерімен телефонда Ресейдің кеше Украина территориясында бастаған әскери операция мен жалғасындағы оқиғаларды талқылады. Украинаның территория тұтастығына қолдауы жалғасатынын білдірді.

Сонымен бірге Димитро Кулеба да Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрлері Энтони Блинкенмен Ресейдің Украина территориясында бастаған әскери операциясын телефонда кеңесті.

Кулеба Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде Ресейдің еліне қарсы "жабайы соғысын" тоқтату жолдарын қарастырғандарын жеткізді.

Энтони Блинкеннің өзіне АҚШ-тың жаңа санкциялары мен Украинаға тың қорғаныс қаруларын беру жоспары жайлы мәлімет бергенін айтқан Кулеба:

"Украина шыдауда. Әлемнің жәрдеміне мұқтажбыз" деді.

Ресей кеше Украинаға әскери операция бастады.



Ұқсас жаңалықтар