Ердоған Сенегал стадионының ашылу рәсіміне қатысты

Сенегал стадионының ашылуында бірінші голды Ердоған салды.

1783482
Ердоған Сенегал стадионының ашылу рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сенегал  стадионының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Сенегал стадионын түрік фирмасы салды. Стадионға 50,000 адам сияды.

Стадионның салтанатты ашылу рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоған қатысты. Достық матчынан бұрын бастама голды Ердоған салды. 

Президент Ердоғанға Сенегал президент Макки Салл және жұбайы Мариам Файе Салл серік болды. 

Ашылу рәсіміне Гвинеи-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало, Руанда президенті Поль Кагаме, Либерия президенті Джордж Веа және Гамбия президенті Адама Берроу да қатысты. 

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ФИФА төрағасы Джанни Инфантино стадионды салған түрік фирмасы басшыларына түрік тілінде алғыс айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар