Израиль президенті Түркияға келеді

Түрік делегациясы да Израиль мен Палестинаға барады.

1778890
Израиль президенті Түркияға келеді

Израиль президенті Ицхак Герцог 9-10 наурыз күндері Түркияға келеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен айларда Израильмен қатынастардың орнап орнамайтыны жөнінде екі елдің барлау қызметтерінің кездесіп жатқанын білдірген болатын.

Артынан әрі Түркия, әрі Израиль жағынан «диалог» үндеулері келіп, қаңтар айында екі елдің сыртқы істер министрлері 13 жылдан кейін бірінші рет телефонда сөйлескен еді.

Енді Израиль президенті Түркияға келеді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал болса 16-17 ақпан күндері Палестина және Израильге барады.

Делегацияны Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас қабылдайды.

Түрік делегациясы Израиль органдарымен де бас қосып, Израиль президентінің Түркия сапарының дайындықтарын пысықтайды.

Израиль Сыртқы істер және Энергия министрлері Анталия Дипломатия форумына қатысу үшін 11-13 наурыз күндері Түркияға келеді.



Ұқсас жаңалықтар