Ердоған Ресей-Украина дағдарысына тоқталды

Президент Ердоған Украинаға аттанар алдында Анкара Есенбоға әуежайында баспасөз жиналысын өткізді.

1772799
Ердоған Ресей-Украина дағдарысына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина арасындағы дағдарыс жайлы "Бір Қаратеңіз елі ретінде аймақта бейбітшіліктің орнатылуы үшін барлық тараптарды байсалды болуға және диалогқа шақырамыз" деді. 

Президент Ердоған Украинаға аттанар алдында Анкара Есенбога әуежайында баспасөз жиналысын өткізді. 

Ердоған Ресей-Украина дағдарысына тоқталып "Оқиғаны қадағалап отырмыз. Украинаның территория тұтастығын және егемендігін қолдағанымызды әрбір платформада тілге тиек еттік" деді. 

Президент Ердоған Израиль президенті  Ицхак Герцогтың наурыз айының орталарында Түркияға келетінін айтты. 

Ердоған Грекия тарапынан кері қайтарылған 12 босқынның қаза табуымен байланысты "Алдымен 12 адамның сол жерде тоңып өлуіне қол қусырып қарап отыра алмаймыз" деп көрсетті. 

Ердоған Еуропа Кеңесінің Осман Кавала шешімі жөнінде "Еуропа Адам Құқықтары Сотының және  Еуропа Кеңесінің   айтқандары  бізбен қатысы жоқ. Біз өз сотымызға құрмет көрсетілуін күтеміз" деді.  

 

 



Ұқсас жаңалықтар