Чавушоғлу Мысыр және Израильмен қарым-қатынасты бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

1755037
Чавушоғлу Мысыр және Израильмен қарым-қатынасты бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израиль мен Мысырға елші тағайындаудың қарым-қатынастарды жақсарту үшін жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

Министр Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

Израиль мен Мысырға елші тағайындау туралы қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында Чавушоғлу қазіргі сатыда ұзақ үзілістің артынан тек елші тағайындаумен қарым-қатынасты жақсарады деген пікірмен келіспейтінін білдірді.

Чавушоғлу мұның «қарым-қатынастар белгілі бір деңгейге жеткен соң бірге қабылданатын бір шешім» екенін атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу Түркияның ешбір уақытта антисемиттік бір ел болмағанын, тек Израиль басқыншылығы себепті Израильге қарсы риториканың артқанын айтты.

Чавушоғлу Мысыр-Түркия қарым-қатынастарына қатысты болса «Әйтеуір жаңа бір парақ ашылып жатыр. Біз қалағандай жылдам жүрмесе де, ашылуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар