Түркия террормен күресті батыл жалғастырады

Мевлүт Чавушоғлу Сирия тақырыбын Ресей және АҚШ-пен талқылағандарын айтты.

1726401
Түркия террормен күресті батыл жалғастырады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"PKK/YPG-нің шабуылдары артты. Ресей мен Америка Құрама Штаттары оларды кері қайтару уәделерін орындамады. Бұл жағдайда біздің қажет болған істі істеуіміз керек" деді.

Мевлүт Чавушоғлу бір телеарнаның тікелей эфир бағдарламасында сұрақтарға жауап берді.

Бөлшектеуші террористік ұйымдар PKK/YPG-нің шабуылдары себепті Сирияда жасалған операцияларға, Ресей және Америка Құрама Штаттарымен Сирияға байланысты сұрақтарға жауап берген Чавушоғлу:

"Америка Құрама Штаттарымен бірге Сирия тақырыбында ортақ пікірдегі елдер немесе халықаралық Сирияны қолдау тобымен жиналыс өткізуді ұсынс еттік, осы жайлы жұмыстанудамыз" деді.

Мевлүт Чавушоғлу:

"Осы жиналыс қажетті. Мұны Ресейге де, Иранға да жағдайды көріп отырғандарын, режимге түсіндірулерін, әскери жолмен шешудің мүмкін емес екенін айттық" деп көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу Идлибтегі жағдайға да тоқталып:

"Тек шешім процесті жалғастыру. Оппозиция мен режимнің бас қосып. Сирияның болашағы жайлы келісуі қажетті" деді.

Түркияның Сирияның терроитория тұтастығын қолдайтынын білдірген Чавушоғлу.

"ПКК баршамыз үшін, оларға да, бізге де қауіпті. PKK/YPG-нің шабуылдары артты. Өкінішке орай, Ресей мен Америка Құрама Штаттары оларды кері қайтару уәделерін орындамады. Сондықтан біздің қажет болған істі істеуіміз керек. Президент Ердоған да осы ойда" деді.

Мевлүт Чавушоғлу: "Президент Режеп Тайып Ердоған осы тақырыпты Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде тілге тиек етті. АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуінде де қолға алатынын айтты" деп көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу операциялар жайлы президент Режеп Тайып Ердоғанның бұрын айтқан "Бір кеште кездейсоқ болуы мүмкін" деген сөзін ескертті.  



Ұқсас жаңалықтар