Түркияда вирустан бір тәулікте 239 жан мерт болды

28 мың 892 адамға вирус жұққаны анықталды.

1711820
Түркияда вирустан бір тәулікте 239 жан мерт болды

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 239 өлім тіркелді.

Бір тәулікте 356 мың 661 сынама жасалды.

28 мың 892 адамға вирус жұққаны расталды.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 30 мың 336 кісіге көбейді.

Түркия көлемінде Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында 1-ші, 2-ші және 3-ші компонентпен барлығы 108 миллион 753 мың 353 вакцина салынды.



Ұқсас жаңалықтар