Президент Ердоған "Түрік тілі" күнімен құттықтады

Президент Ердоған Түрік тілі күніне орай құттықтау жариялады.

1710475
Президент Ердоған "Түрік тілі" күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған тірі бір болмыс ретінде тілімізді күшейтіп, қорғау және дамыту үшін түрік тілін қолдануға көңіл бөлуді жалғастыруымыз керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған 26 қыркүйек "Түрік тілі" күніне орай жариялаған құттықтауында әлемнің санаулы тілдері арасында орын алатын түрік тілінің ұлттық рухтың қалыптасуына ықпал еткенін мәлімдеді.

Ердоған құттықтауында «Тіліміздің барлық байлықтарын қамтитын бір түсінікпен түрік тілімізді қорғау өте маңызды. Тірі бір болмыс ретінде тілімізді күшейтіп, қорғау және дамыту үшін түрік тілін қолдануға көңіл бөлуді жалғастыруымыз керек. Технологияның жылдам жетіліп, цифрландыру өмірдің әр саласына тараған әлемде тілімізді бар ерекшелігімен сақтауымыз керек. Түрік тілін өнер, әдебиет, ғылым мен білім тілі ретінде қолдануға қоса тіліміздің байлығы мен тереңдігін қамтитын ауызша және жазбаша туындылар шығару бай тілдік мұрамызды болашақ ұрпаққа жеткізудің және түрік тіліміздің беделін көтерудің маңызды қадамы болмақ» деді.

Президент Ердоған түрік тілінің әсемдігіне үлес қосқан барлық сөз шеберлерін, қалам мен сөйлеу білгірлерін ризашылықпен еске ала отырып, түрік тілін сақтау, болашақ ұрпаққа өзінің түпнұсқалығы және тереңдігімен жеткізу үшін «Түрік тілі» күнінің себеп болуын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар