Ердоған Түркияға 5 миллионнан астам босқын келгенін айтты

Ердоған: "Ауғанстанда алдағы процестің қалай өтетінін Талибанның сөзі емес, іс-әрекеттері мен басатын қадамдары белгілейді" деді.

1697304
Ердоған Түркияға 5 миллионнан астам босқын келгенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған қазір түрліше мәртебедегі 5 миллионнан астам босқынға үй иесі болған Түркияның Сирия немесе Ауғанстаннан келетін қосымша көштің жүгін көтере алмайтынын айтты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Битлистің Ахлат ауданында елшілермен өткізген кешкі аста сөз сөйледі.

"Талибан басшыларынан келген үндеулерге қазірше байсалды тұғырмен қараудамыз" деген Ердоған:

"Ауғанстанда алдағы процестің қалай өтетінін Талибанның сөзі емес, іс-әрекеттері мен басатын қадамдары белгілейді" деп көрсетті.

Ердоған сөзін одан ары жалғастырды:

"Қазірдің өзінде түрліше мәртебедегі 5 миллионнан астам босқынға үй иесі болған Түркия Сирия немесе Ауғанстаннан келетін қосымша көштің жүгін көтере алмайды. Ауғанстанның тұрақтылығы маңызды. Түркия осы мақсатпен Ауғанстандағы барлық тараптармен жақын диалог орнатуды жалғастырады."



Ұқсас жаңалықтар