"Түркия - жетістіктерін достарымен бөлісетін ел"

Президент İDEF’21 15-ші Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінің ашылуына қатысты.

1692799
"Түркия - жетістіктерін достарымен бөлісетін ел"

Президент Режеп Тайып Ердоған ел шекарасынан он мыңдаған километр алыста терроризммен күрес деген сылтаумен жазықсыз адамдарды ешқашан бомбаламағандарын айтты.

Ердоған Стамбулда İDEF’21 15-ші Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінің ашылуына қатысты.  Ол Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде жетілдірген әртүрлі мүмкіндік пен қабілеттерін достарымен бөліскенін мақтан ететін ел екенін атап көрсетті. «Аймағымызда және әлемде бейбітшілік, тұрақтылық, сенім климатының орнатылуы қорғаныс өнеркәсібінде әділ теңгерім құрылуына байланысты.  Түркия соңғы 19 жылда көптеген салада болғаны секілді қорғаныс өнеркәсібі саласында да төңкеріс жасады.  Түрік қорғаныс өнеркәсібінің сыртқа тәуелділігін азайту мақсатында жақсы нәтижеге жеттік» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар