Түркия экономикасы өсіп келеді

Ердоған Түркияның экономикада, егіншілікте, саудада табысын арттырғанын айтты.

1692109
Түркия экономикасы өсіп келеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның экономикада, егіншілікте, саудада табысын арттырғанын айтты.

Ол Анкарада зауыт және инфрақұрылым ашылу рәсімінде сөз сөйледі. «2021 жылдың алғашқы ширегінде 7 пайыз өстік, екінші ширекте де үлкен өсімге қол жеткіземіз, бұйырса» деді ол.

Президент түрік экономикасының сұраныс, өндіріс және экспорт тұрғысынан теңгерімді бағытта алға басып, күн өткен сайын кәсіпкер экономикасына айналғанын айтты. «Түркия әсіресе өндіріс және экспортта әлемде жаңа лигаға көтеріледі» деді ол.

Президент: «Қоршаған ортаға зиян келтіретін әрбір технология тұрмысымызды жеңілдетсе де,  оқпаны адамға бағытталған қару болып есептеледі» деді. «Алдағы кезеңде жасыл экономиканың артында қалмау үшін қосымша шараларды жүзеге асырамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар