Түркияның ұшқышсыз әскери ұшағы іске қосылуда

Президент Режеп Тайып Ердоған "Ұшқышсыз әскери ұшақтарымызды Алла бұйырса 2023 жылы көк аспанымызда ұшыруды жоспарлаудамыз" деді.

1646033
Түркияның ұшқышсыз әскери ұшағы іске қосылуда

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында сөз сөйледі. Ердоған баяндамасында "Қазір Түркиямен бірге төрт елде 180 дана Байрактар қарулы ұшқышсыз әуе аппаратымыз іске қосылуда" деген сөздер қолданды. 

Түркияның Польшаға экспорт ететін  қарулы ұшқышсыз әуе аппараты жөнінде Президент Ердоған "Бұл келісім Түркияның НАТО және Еуропа Одағы мүше елдеріне жасаған алғашқы жоғарғы технологияға ие ұшқышсыз әуе көлігі саудасы болуы тұрғысынан өте маңызды" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар