Энтони Блинкен мен Мәвлүт Чавушоғлу телефонда сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Одақтасымыз Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыру өте маңызды" деді.

1643607
Энтони Блинкен мен Мәвлүт Чавушоғлу телефонда сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Одақтасымыз Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыру өте маңызды" деді. 

Блинкен Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлумен телефон арқылы сөйлескеннен кейін твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Энтони Блинкен мәлімдемесінде "Бүгін Мәвлүт Чавушоғлумен телефонда сөйлестім. Одақтасымыз Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыру өте маңызды. Әңгіме барысында Грекиямен ымыраға бару жөнінде қолдау көрсететінімізді айттым" деген сөздер қолданды. 

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс та кездесуге байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Прайс мәлімдемесінде "Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгіме барысында Сирия және Ауғанстандағы ортақ мүдделер, АҚШ пен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы сынды тақырыптар қолға алынды" деді. 



Ұқсас жаңалықтар