"Түркия Стратегиялық диалог жиналысы" өтті

Чавушоғлу: "Түркияның стратегиялық сыртқы саясатындағы маңызды тақырыптар мен реформа күн тәртібін талқыладық" деді.

1603362
"Түркия Стратегиялық диалог жиналысы" өтті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Дүниежүзілік Экономикалық форум (WEF) аясында видео конференция арқылы ұйымдастырылған "Түркия Стратегиялық диалог жиналысына" қатысты.

Дипломатиялық хабарларға қарағанда жиналыста сөз сөйлеген Чавушоғлу Түркияның басты сыртқы саясатын баяндады және  осы аядағы сұрақтарға жауап берді.

Чавушоғлу Твиттер желісінен жариялаған мәлімдемесінде президенттің орынбасары Фуат Октай мен Қазына және Қаржы министрі Лутфи Елванның жиналысқа қатысқанын хабарлады.

Чавушоғлу:

"Түркияның стратегиялық сыртқы саясатындағы маңызды тақырыптар мен реформа күн тәртібін талқыладық" деді.  
 



Ұқсас жаңалықтар