Түркия Косовоны айыптады

Түркия "Косовоның Иерусалимде өкілетті елшілік ашуын қатты алаңмен қабылдап, қатаң айыптаймыз" деп наразылық көрсетті.

1601075
Түркия Косовоны айыптады

Түркия Косовоның Иерусалимде өкілетті елшілік ашуын айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Косовоның Иерусалимде өкілетті елшілік ашуын қатты алаңмен қабылдап, қатаң айыптаймыз" деп көрсетілді.

Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ауыр азап шеккен бір халықтың лидерлерінің  ондаған жылдан бері жауланып жатқан және ауыр адам құқығы қайшылқтарына дөп келген Палестина  халқының жағдайына көз жұмғаны" білдірілді.

Мәлімдемеде аталмыш шешімнің өте орынсыз екені атап өтілді.

Мәлімдемеде:

"Косоволық лидерлер осы әрекеттерімен Иерусалимнің мәртебесіне байланысты  БҰҰ-ның қатысты шешімдерін қамтыған бейбітшілік процесіндегі жергілікті талпыныстарға қайшылық жасады, екі елдік шешімге және аймақтағы бейбітшілік үміттеріне зиян салды. Косово лидерлерін байсалды болуға, осы жауапкерсіз және заңсыз қадамынан бас тартуға шақырамыз" деп көрсетілді. 

Косово Сыртқы істер және диаспора министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Косовоның Иерусалимде өкілетті елшілік ашқанын және жұмыс бастағанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар