"Түркия-Африка Одағы серіктестік саммитінің 3-шісін Түркияда өткізгіміз келеді"

Эфиопияның Түркиядағы елшілігінің жаңа ғимараты Анкарада салтанатты түрде ашылды.

1583980
"Түркия-Африка Одағы серіктестік саммитінің 3-шісін Түркияда өткізгіміз келеді"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Африка бастамасы саясатының Африкамен серіктестік саясаты шеңберінде жалғасқанына назар аударып, биыл жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) эпидемиясымен байланысты 3-ші Түркия-Африка Одағы серіктестік саммитін Түркияда өткізгілері келгенін білдірді.

Министр Чавушоғлу мен Эфиопия Сыртқы істер министрі Демеке Меконненнің қатысуымен Эфиопияның Анкарадағы жаңа елшілік ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Ашылу бағдарламасында сөйлеген Чавушоғлу елшіліктің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына келгеніне және әріптесі Меконненді күткені үшін қуанышты екенін мәлімдеді.

Эфиопияның дос және бауырлас ел ретінде Түркиямен тарихтан келген терең қарым-қатынастарға ие екеніне назар аударған Чавушоглу өзінің де Эфиопияға ресми сапармен барғысы келгенін атап, Түркияның да сол жерде жаңа елшілік ғимаратының ашылу салтанатын өткізетінін мәлімдеді.

Эфиопия Сыртқы істер министрі Меконнен болса ашылу салтанатына қатысқаны үшін қуанышты екенін тілге тиек етті.

Эфиопияның Түркиямен ынтымақтастығына ризашылық білдірген Меконнен екі ел үкіметтерінің жылдардан бері ортақ ынтымақтастық жетілдіру тақырыбында маңызды нәтижелерге қол жеткізілген жоғары деңгейлі сапарларды жүзеге асырғандарын түсіндірді.

Меконнен Эфиопияның Түркиямен әр салада қарым-қатынастарды тереңдетуге дайын екенін атап көрсетті.

Эфиопияның Түркиядағы елшісі Гирма Темесген Баркесса болса Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Картал 2» операциялық аймағында сепаратистік террористік ұйым PKK тарапынан шейіт етілген 13 түрік азаматы үшін көңіл айтты.

Елші Баркесса елшіліктің жаңа ғимаратының ашылуы екіжақты қарым-қатынастың жаңа парақшасын ашып қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақ үшін мықты ынтымақтастық стратегиясын да белгілегенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар