Түркия мен Ресейдің ғарыш ынтымақтастығы дамыды

Түркия мен Ресей арасында ғарыш ынтымақтастығын бекемдеуге байланысты жұмыстар жалғасуда.

1581193
Түркия мен Ресейдің ғарыш ынтымақтастығы дамыды

Түркия мен Ресей арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған кездесулердің белсенді түрде жалғасып жатқаны білдірілді.

Ресей Федералдық Ғарыш агенттігінің (Роскосмос) түрік ортақтармен жұмыс орайын тапқандарына риза болғандары білдірілген мәлімдемесінде:

"Еліміз ғарыш секторында мықты байланыстар орнатты. Ұзақ уақыттан бері жекеше ғарыш жобаларын атқару мүмкіндіктерін талқылаудамыз және Түркияның өзінің ұлттық ғарыш агенттігін құруымен кездесулеріміз тың өреге көтерілуде" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде орыс тарапының Түркиядан тақырыпқа байланысты нақтылы ұсыныс күткені білдіріліп:

"Қазір ғарыш іс-шаралары саласында ынтымақтастықтың табысты дамуы үшін бір негіз қаланып, екі тарапты үкіметтер арасындағы құжаттарды дайындау үшін жұмыстарымыз жалғасуда" деп хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар