Түркия-Катар қарым-қатынастары өте маңызды

Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Әл-Сани Түркия мен Катар арасындағы қарым-қатынастардың өте маңызды екенін айтты.

1581790
Түркия-Катар қарым-қатынастары өте маңызды

Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед ибн Әл-Сани ресми сапармен Катарда болған Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлумен кездесті. Әл-Сани кездесуден кейін ұйымдастырған ортақ баспасөз жиналысында мәлімдеме жасады. 

Әл-Сани мәлімдемесінде бауырым деп қараған Чавушоғлуна екі ел арасындағы стратегиялық селбесу, экономика және саяси ортақтық ынтымақтастық үшін алғас айтқанын білдірді. 

Әл-Сани бауырлас Түркияның әсіресе Иран және Америка Құрама Штаттары арасындағы кездесулерге қолдау көрсеткенін және пікір алмастырғанын баяндады. 

Ливияда демократиялық процеске қолдау көрсеткеніне орай Түркияға алғыс айтқанын түсіндірген Әл-Сани Ливия халқын әрқашан қолдағандарын атап өтті. 

Министр Әл-Сани сонымен қатар Сирия және Ауғанстандағы оқиғаларды да қолға алғандарын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар