Түркия АҚШ-қа наразылық көрсетті

Аксой: Ешбір мемлекет немесе ешкім түрік соттарына сот ісін жүргізу туралы бұйрық бере алмайды.

1581652
Түркия АҚШ-қа наразылық көрсетті

Түркия "ешбір мемлекет немесе ешкім түрік соттарына сот ісін жүргізу туралы бұйрық бере алмайтынын" білдірді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайстың түрмедегі Осман Каваланың босатылу керектігі туралы сөздеріне наразылық көрсетті.

Аксой мәлімдемесінде босату туралы шақыруына 2020 жылы 28 шілде күні жауап қайтарылғанын еске салып, бірдей мазмұндағы екінші мәлімдеменің де құқық мемлекеті нормаларымен сәйкес келмегеніне назар аударды.

Аксой Осман Кавала туралы тәуелсіз соттар тарапынан жүргізілетін сот процесінің жалғасып жатқанын және бұл процестерді баршаның құрметтеу керектігін атап «Еуропалық адам құқықтары сотының Каваланың сот шешімінің орындалып орындалмағаны жайлы бақылауы Еуропалық Кеңестің делегаттар комитеті адам құқықтары жөніндегі отырысында жүзеге асырылмақ. Үкіметіміз бұл аяда қажетті ақпаратты ұсынады» деді.

Аксой түрік демократиясына төңкеріс әрекеті жасаған Фетуллахшы террор ұйымы басшысының Түркияға қайтарылуы тақырыбында заңдық процестерді сылтауратқан бір елдің Түркия жалғасып жатқан заңды процеске араласу талпынысының принципсіз және дәйексіз бір ұстаным екенін ескертті.

Хами Аксой «Ешбір мемлекет немесе ешкім түрік соттарына сот ісін жүргізу туралы бұйрық бере алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар