Ердоған мен Меркель видео арқылы кездесті

Ердоған мен Меркель Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарын қамтыған аймақтық мәселелерді талқылады.

1579657
Ердоған мен Меркель видео арқылы кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен видео арқылы конференция өткізді.

Президенттік сарай Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Түркия мен Германия арасындағы ынтымақтастықты бекемдеу тақырыптары талқыланған кездесуде Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарын қамтыған аймақтық мәселелер де бағаландырылған.

Ердоған кездесуде Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарын болымды беталысқа қарай дамытуға бел байлағандарын білдіріп, Одақтың наурыз саммиті процесінде барыс-келісті арттырып, техникалық кездесулер өткізуді үміт ететінін тілге тиек етті.

Еуроодақтың Түркияға әділ және жасампаз түрде жақындауы екі тарапқа да пайдалы болатынын айтқан Ердоған 18 наурыз келісімінің күн тәртіпке алынуы үшін қажетті жұмыстардың бастауы керектігін де атап көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар