Ұлттық Қорғаныс министрі Германия сапарын бағалады

Министр Акар Германиямен қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерінде нақты қадамдар басатындарын білдірді.

1576683
Ұлттық Қорғаныс министрі Германия сапарын бағалады

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар алдағы күндері Германиямен қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерінде нақты қадамдар басатындарын білдірді.

Кеше Германия Федеральды қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэрмен бас қосуы туралы мәлімдеген Акар кездесудің артынан көптеген мәселелерде ұқсас көзқарастар ұстанғандықтарын үлкен қуанышпен атап «Жақында бұл кездесу шеңберінде әсіресе қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерінде нақты қадамдар жасалады деп ойлаймын. Біз Түрік Қарулы Күштеріне қажетті түрлі қару-жарақ жүйелері, құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер тақырыбында Германиямен өте тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Алдағы кезеңде осы тұрғыдан оң өзгерістер күтеміз» деді.

Акар Түркияның пилотсыз әуе көлігі өндірісінде аса маңызды бір сатыға келгеніне назар аударып «Пилотсыз ұшақтар тақырыбына қоса көптеген тақырыпта ынтымақтастық жасау арқылы жұмыстарымызды жалғастыра алатынымызды жеткіздік» деді.

Түркия мен Грекия әскери делегациялары арасында НАТО штаб-пәтеріндегі бөлу жиналыстарына да тоқталған Хулуси Акар қазірге дейін 8 жиналыс өткізілгенін еске салып, бұл жиналыстардың жалғасуын күткендерін тілге тиек етті.

Екі ел арасындағы консультативті кездесулердің Cтамбұлда өткенін де еске салған Акар сенім арттырушы шаралар аясында екеуі Афиныда, біреуі Анкарада барлығы 3 жиналыс өткізілгенін атап, «Төртіншісі үшін де қонақжайлық жасауға дайын екенімізді жеткіздік. Грек көршілеріміздің кездесулерді жалғастыру үшін Анкараға келуін күтеміз. Бұл жиналыстармен Түркия және Грекия арасындағы проблемаларға «саяси, бейбіт шешімдер табамыз» деп үміттенеміз.

Біз бұған дайынбыз. Осы мәселелердің шешімі үшін қажетті үлесті қосуға дайын екенімізді баршаның білгенін қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар