Президенттік үкімет кабинеті жиналады

Президенттік үкімет кабинеті президент Ердоған басшылығында бүгін Президенттік сарайда жиналады.

1574993
Президенттік үкімет кабинеті жиналады

Жиналыста Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кабинет мүшелеріне эпидемиямен күресте соңғы жағдайды жан-жақты түсіндіріп, ғылыми кеңестің шешімдерін ұсынады.

Жиналыста вакцина күнтізбесі де үстелде болады. Қытай, Германия және Ресеймен жүргізілген вакцина процесімен қатар жергілікті жұмыстар да қолға алынады.

"Бетпе-бет" оқуға бастау жұмыстары кабинет жиналысының күн тәртібінде болады.  

Үкіметтің басты жұмыстары ішінде орын алған реформа процесі де жиналыста қолға алынады. 

Қатысты министрлер сот және экономика реформа жұмыстарындағы соңғы жағдайды талқылайды. 

Кабинет жиналысында Еуропа Одағы және Америка Құрама Штаттарымен басталған жаңа процес күн тәртіпте болады. Алдымыздағы күндерде ұйымдастырылатын "Түркия-Еуропа Одағы Саммиті" және «Шығыс Жерорта теңізі халықаралық конференциясы» қолға алынады. 

 



Ұқсас жаңалықтар