Президент Жаңа жылмен құттықтады

Ердоған ұлттың әрбір мүшесінен қағидаларға бағынып,  эпидемияны жеңу күресіне қолдау беруін сұрады.

1555228
Президент Жаңа жылмен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған ұлттың әрбір мүшесінен қағидаларға бағынып,  эпидемияны жеңу күресіне қолдау беруін сұрады.

Президент Ердоған жаңа жылға байланысты жариялаған құттықтауында жаңа жылдың Түркия,  аймақ және әлемдегі барша азамат үшін жақсылық алып келуін тіледі.

Президент Ердоған 2020 жылдың коронавирус эпидемиясы секілді көптеген қиыншылық болған жыл екенін білдіріп,  бүкіл әлемге әсер еткен ковид вирусының соңғы бір ғасырдың ең ірі медициналық дағдарысы екенін айтты.

Ердоған эпидемия кезінде маскадан тыныс алу жиһазына, қажетті материалдардан дәріге дейін өндіріске сүйенетін барлық тақырыпта әлемге қиыншылықтар болғанын еске салды.  Ол Түркияның эпидемияның ең қиын кезін мықты медициналық инфрақұрылым және уақытында қолданылған шаралар арқасында ең аз зиянмен өткізгенін атап көрсетті.

Президент Түркияның Еуропадағы барлық әлеуетке жақын реанимация төсек саны және бір миллион 100 мыңнан асатын медқызметкерімен процесті табыспен басқарғанын айтты.  Ол Түркияның әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы ешбір азаматының қиын жағдайға ұшырамағанын,  эпидемиямен күрес үшін қажетті барлық қызметтің тегін жеткізілгенін атап көрсетті.

Ердоған: «Ұлтымыздың әрбір мүшесінен күн сайын,  жаңа жылды да қосқанда өмірлерінің барлық сатысында қағидаларға бағынып,  елдің осы эпидемиямен күресіне қолдау көрсетуін сұраймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар