Путин Ердоғанды жаңа жылмен құттықтады

Ресей президенті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенімін білдірді.

1554693
Путин Ердоғанды жаңа жылмен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин келесі жылы Мәскеу мен Анкараның Еуразияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бағытында ынтымақтастық жасауды жалғастыратынын айтты.

Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда,  Путин президент Режеп Тайып Ердоғанға жаңа жыл құттықтауын жолдады. Құттықтауында Путин Түркия мен Ресей қарым-қатынастарының барлық салада жақсы жетілгеніне риза екенін айтты.  Ол қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан саяси диологтың жалғасуда екенін,  энергияда маңызды ортақ жобалардың жүйелі түрде іске қосылғанын, әскери-техникалық, сауда-экономикалық ынтымақтастықтардың жоғары деңгейде екенін білдірді.

Путин: «Алдымыздағы жылы Мәскеу мен Анкара әкімшіліктері Еуразияда қауіпсіздік пен тұрақтылықтың нығайтылуы бағытында орыс және түрік халықтарының мүддесін толық қамтитындай түрде екі жақты, аймақтық және халықаралық өзекті тақырыптарда ынтымақтасып жұмыс істеуді жалғастарытынына сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар