Түркия Кипр түрік халқының қасында

Президент орынбасары Фуат Октай Түркияның Кипр түріктерінің қасында болатынын қайталады.

1553049
Түркия Кипр түрік халқының қасында

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 1974 жылы 14 тамызда шейіт болған 14 бала өткен күндерде куәліктері анықталғаннан кейін жерленген еді. 

Президент орынбасары Фуат Октай твиттер арқылы бұл туралы мәлімдеме жасады. Октай мәлімдемесінде "Солтүстік Кипр Түрік Республикасында террор ұйымы EOKA тарапынан өлтірілген балаларымыздың жерленуі өткен тарихтағы аянышты оқиғаларды тағы бір рет көз алдымызға әкелді" деген сөздер қолданды. 

Октай мәлімдемесінде былай деді: "Өткенде болғандай бүгін де, ертең де Түркия барлық мүмкіншіліктерімен Кипр түріктерінің қасында болады. Өздерінің жанын, мал-мүлкін, құқығын және мүддесін табанды түрде қорғайды. Осы шындықты барша әлем көруі керек және шешім процесіне үлес қосуы керек" .

 



Ұқсас жаңалықтар