Түркияда бір тәулікте Ковид-19-дан 229 адам қайтыс болды

Соңғы 24 сағатта вирус жұқтырғандар саны 29 мың 617 адам болды.

1545417
Түркияда бір тәулікте Ковид-19-дан 229 адам қайтыс болды

Түркияда коронавирус індетімен күрес сақтық шараларымен бірге жалғасуда.  

Соңғы бір тәулік ішінде вирустан  229 адам қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болған жалпы адам саны 16 мың 646 кісіге көбейді.

Бір тәулікте 204 мың 289 сынама жүргізіліп, 5 мың 64 жаңа науқас анықталды.

Соңғы 24 сағатта вирус жұқтырғандар саны 29 мың 617 адам болды.

Ауруханадан шыққан 28 мың 164 адамды қосқанда сауығып кеткендер саны 1 миллион 631 мың 944 кісіге жетті.

Сонымен бірге Президенттік кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасаған президент Режеп Тайып Ердоған көшеге шығу шектемесінің

31 желтоқсан күні Түркия сағатымен 21.00-ден 4 ақпан күнгі сағат 05.00-ге дейін  жалғасатынын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар