Түркияда соңғы 24 сағатта ковидтен 218 адам қайтыс болды

Эпидемия басталғалы қайтыс болғандар саны 16 мың 417 кісіге жетті.

1544682
Түркияда соңғы 24 сағатта ковидтен 218 адам қайтыс болды

Бір тәулікте 181 мың 189 сынама жүргізіліп, 5 мың 103 жаңа науқас анықталды.

Соңғы 24 сағатта вирус жұқтырғандар саны 26 мың 919.

Ауруханадан шыққан 22 мың 215 адамды қосқанда сауығып кеткендер саны 1 миллион 603 мың 780 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар