Фахреттин Алтун Таулы Қарабах туралы бейне көрініс жариялады

«Халықаралық қоғам заңсыз оккупацияға енді үнсіз қарай алмайды».

1503922
Фахреттин Алтун Таулы Қарабах туралы бейне көрініс жариялады

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Таулы Қарабах тақырыбында шақыру жасап «Халықаралық қоғам заңсыз оккупацияға енді үнсіз қарай алмайды» деді.

Коммуникация басқармасы Әзербайжан топырағының 20 пайызын құрайтын Таулы Қарабахтағы Арменияның оккупациясы және соңғы оқиғалармен байланысты ақпараттық бейне көрініс дайындады.

Бейне көріністі жариялаған Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун халықаралық қоғамға үн қатып, «30 жылдан бері жалғасқан Таулы Қарабах дағдарысының шешімі тек қана Арменияның оккупациялаған жерлерден шегінуімен мүмкін. Түркия заңды күресінде бауырлас Әзербайжанға қолдауын жалғастырады. Халықаралық қоғам заңсыз оккупацияға енді үнсіз қарай алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар