Алты террорист залалсыздандырылды

Оның екеуі қызғылт және сұр категорияда ізделген террористтер болып шықты.

1486183
Алты террорист залалсыздандырылды

Битлис Сехиде кеше болған операцияда қызғылт және сұр категориялардағы екі террорист залалсыздандырылды.

Ішкі қауіпсіздік операциялары шеңберінде Битлис Сехи ормандарында Қалалық жандармерия қолбасшылығына қарасты жандармерия жасағы,  арнайы полиция  жасағы және жандармерия қарулы ұшқышсыз әуе көлігі, Атак тікұшағының қөмегімен кеше жасалған операцияда алты террорист залалсыздандырылды.

Битлисте залалсыздандырылған террористтердің бірінің терроризмнен ізделген тізімінде қызғылт категорияда тұрған Рохани Берсим лақап атты Өзлем Атсак екені анықталды.

Залалсыздандырылған басқа бір террористтің де ізделгендер тізімінде сұр категориядағы Азад Шореш лақап атты Рыдван Ерйылмаз екені белгілі болды.



Ұқсас жаңалықтар